Page 93 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 93
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ
МЕН БІЛІМІ
Осы тақырыптан сен:
соғыстан кейін қазақстандық ғылымның дамуы ту-
ралы;
сол кездегі білім беру жүйесінің дамуы туралы білетін
боласың.
Соғыстан кейінгі кезеңде қазақстандық ғылым дамыды.
1946 жылы Қазақ КСР ғылым Академиясы құрылды. Аса
көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев оның тұңғыш президенті
болды. Жаңа зерттеу институттары ашыла бастады.
1950 жылы алыс ғаламшарларды зерттеу үшін Астро-
физикалық институт ашылды. Экономиканың дамуына мұнай
Институты зор үлес қосты. Ядролық физика Институты құрыл-
ды. Химия, геология, биология ғылымдары, география және
топырақ зерттеу саласы ойдағыдай дамыды. Қазақстандық
дәрігерлер энергетик, биолог ғалымдардың зерттеулері елде
жетекші орындарды иелене бастады.
Осы жылдарда Қазақстанның Археологиялық картасы
жарияланды және табиғат Музейі ашылды. 1969 жылы қа-
зақстандық археолог Кемел Ақышев әлемдік жаңалық аш-
ты. Ол әлемде «Алтын адам» деген атқа ие болған сақ
жауынгерінің мүрдесін тапты. Сөйтіп Қазақстанның ежелгі
жұртында жоғары мәдениет пен дамыған технология бол-
ғанын дәлелдеді.
Ашқан ғылыми жаңалығы үшін қазақстандық 7 ғалым
Социалистік Еңбек Ері атанды. Бұл Кеңес Одағындағы
әскери емес жоғарғы марапат.
Ғылымдағы жетістіктері үшін 34 ғалым Мемлекеттік сый-
ақыға лайық деп табылды. Жүздеген қазақстандықтар басқа
да марапаттар мен сыйлықтарды иеленді. 1980 жылдардың
93