Page 94 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 94

60-сурет. Қазақстанның табиғат музейінде, Алматы


             басында  Қазақстанда  140  ғылыми  мекеме  болды,  онда  30
             мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді.
                 Білім беру жүйесі де дами берді. Соғыс жылдарында

             КСРО  ауылдық жерлерде жеті жылдық, қалаларда онжыл-
             дық міндетті оқытуды тоқтатқан. Фабрикалар мен зауыттар ға
             балалар қажет еді. Соғыстан кейін барлығы мектепке дереу
             қайтарылды. 1948 жылы әлі де 200 мыңдай бала мектепке

             бармайтын.  Бірте-бірте  бұл  сан  төмендеді.  Алғашында
             жоғарғы сыныптарда оқыту ақылы болды.
                 1959  жылы  міндетті  сегіз  жылдық  мектептік  білімді  не-
             гіздеген жаңа заң қабылданды. Одан кейін зауытта немесе

             ауылда  үш  жыл  жұмыс  істеу  міндеттелді.  Жоғарғы  оқу
             орындарына  осыдан  кейін  ғана  түсуге  болатын.  КСРО-да
             педагог  мәртебесі  жоғары  болды,  ел  мұғалімдерге  ерекше
             құрметпен қарады.



           94
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99