Page 91 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 91
дан көп артта қалды. Үйлерде заманауи тұрмыстық техника
тапшы болды. Жекеменшік көліктер де сирек кездесті.
Дүкендерде көптеген тауарлар тапшы болды.
Біресе анау жоқ, біресе мынау жоқ дегендей, тіпті сабын,
май, сүт, тіс жуатын паста дүкендерде жетіспеді. Бірте-бірте
барлық жақсы және қажетті тауарларды сатып алу қиын бола
бастады. Ел тұрмысы жылдан-жылға нашарлай берді.
Жұмысшылардың өмірінде жағымды да, жа ғымсыз да
өзгерістер орын алды. Бір жағынан мемлекет жұмысшыларды
баспанамен қамтамасыз етті. Балабақ шалар, мектептер,
университеттерде ақысыз білім болды. Барлығына ақысыз
медициналық көмек көрсетілді.
Бірақ сонымен бірге, ел тұрғындарын тамақпен, алғашқы
үйге қажетті, демалуға арналған тауарлармен қамтамасыз
ету нашарлады. Жеке баспана алу үшін ұзақ уақыт кезекте
тұру қажет еді.
58-сурет. КСРО астанасы – Мәскеу
91