Page 86 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 86
Қостанай мен Ақтөбе салынды. XX ғасырдың басында
Қазақстан аумағында 22 қала болды. Бұл қалаларда дала
өлкесі тұрғындарының тек 6% ғана тұрды.
1930 жылдарында қалалар пайдалы қазбалар табылған
ірі кен орындары мен кәсіпорындар дың қасына салына
бастады. 1934 жылы көмір кеніне жақын жерде Қарағанды
қаласы бой көтерді. 1937 жылы Балқаш қаласы мен мыс
балқыту зауыты салынды. 1945 жылы салынып жатқан ме-
таллургия комбинатының қасында Теміртау қаласы пайда
болды. Ұлт көшбасшысы – Тұңғыш Прези дент Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің еңбек жолын осы жерде бастаған еді.
1954 жылы мыс алынатын кенге жақын жерден Жезқазған
қаласы, 1973 жылы Сәтбаев қаласы бой көтерді.
Түркістан облысындағы қорғасын және мырыш кен өндіру
орнының жанынан 1955 жылы Кентау қаласы салынды.
Қостанай облысындағы Рудный қаласы 1957 жылы салынды.
Көмір кені орналасқан жерде Екібастұз, ал 1964 жылы
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қалалары пайда болды.
Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тарихы да 1965
жылдан бері есептеледі.
Қала саны өскен сайын оның тұрғындары да көбейді.
Қазір Қазақстанда 87 қала бар, оларда тұрғындардың
58%-ы тұра ды. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала-
сындағы тұрғындар саны миллион адамнан асса, 21 қала-
ның тұрғын дары 100 мыңнан асады. Қалғаны кіші қалалар
санатында.
Көптеген ірі қалалардың қасынан шағын серіктес-
қалалар пайда болды. Алматының айналасында – Қапша-
ғай, Қаскелең, Талғар, Есік қалалары, Қарағандының айна-
ла сында – Теміртау, Шахтинск, Сарань, Абай, Шымкенттің
86