Page 104 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 104

ТОҚЫРАУ КЕЗЕҢІ



                 Осы тақырыптан сен:
                   тоқырау кезеңінің себептерін білетін боласың.



                 1970 жылдардың ортасынан бастап ел экономикасының
             дамуы  баяулады.  Өнеркәсіптік  өндіріс  әлсіреді.  Кеңес
             Одағының  өнеркәсібі  технологиялық  жағынан    дамымады.

             Зауыттар  мен  фабрикаларда  жабдықтар  ескірді.  Өндірісті
             автоматтандыру нашар дамыды. Уақыт өте келе Кенес Одағы
             машиналар, компьютерлер, тұрмыстық техника, құрал-жаб-
             дықтар өндірісі саласында басқа елдерден артта қала бас-

             тады.  Ауыл  шаруашылығында  да  қиындықтар  орын  алды.
             Колхоздар мен совхоздардың санының  көптігіне қарамастан,
             азық-түлік  тауарлары  жеткілікті денгейде өндірілмеді.
                 Бұған бірнеше себептер  болды.

                 Біріншіден,  КСРО-да  өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығын
             басқару  командалық  болды.  Осындай  үлкен  елді  басқару
             үшін  көптеген  шенеуніктерден  басқару  аппараты  құрылды.
             Басшылық  қабылдаған  шешімдердің  көбісі  кешігіп,  оның

             үстіне өңірлерде нашар орындалатын.
                 Екіншіден,  барлық  өндірістік  кәсіпорындар,  колхоздар,
             совхоздарда өз биліктері болмады. Барлық шешімдерін бас-
             шылармен келісуі кажет болды: қандай кәсіпорын ашу керек,

             не өндіру керек, қандай құрал-жабдық алу керек,  қан ша өнім
             шығару. Оның бәрі ұзақ уақыт алды.
                 Үшіншіден, кәсіпорындардың пайдасы, жұмысшылардың
             жалақысы  жұмыс  сапасына  байланысты  емес  еді.  Кәсіп-

             орындар аз өнім өндірсе де немесе бұл тауарлар сапасыз
             болса  да  жалақылары  жүре  беретін.  Демек,  кәсіпорындар
             мен  жұмысшылар  тауардың  сапасын  жақсартуға  немесе
             тауар түрлерін көбейтуге қажеті  болмады.




           104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109