Page 108 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 108
Бірақ әлі де көп адамдар ескі әдіспен өмір сүруді жөн
көрді. Сол себептен, өзгерістерді енгізбей, бұрынғыдай
кәсіпорындардың барлық мәселелерін мемлекет шешеді
деген сеніммен уақыт өткізіп алды. Сонымен қатар көптеген
орындарда техникалық жабдықтар қатты ескірген еді, оны
жаңарту үшін қаржы болмады.
Бұрын тауарлардың сапасы төмен болса да оны мемле-
кет сатып алуы тиіс болған. Нарықтық қатынаста сапасыз
өндіре тін тауарларға сұраныс болған жоқ. Өз өнімдерін өткізе
алмаған кәсіпорындар құлдырай бастады.
Сөйте тұра эконо ми-
кадағы өзгерістер лайық -
ты нәтиже ге жеткізбе ді.
Кооператив тер на рық ты
қажетті тауар ға тол тыра
алмады. Олар қыз мет көр-
сету са ла сы мен сауда ны
ғана игер ді. Халықты азық-
түлік пен және ең қа жетті
тауар лар мен қамтама-
сыз ету де түйткіл бастал-
ды. Азық- түлікті сатып алу
70-сурет. Бір айлық тамақ өнімдеріне үшін, соғыс кезендегідей
берілетін карточкалар, 1987 ж.
карточка лық жүйе қайта-
дан енгізілді. Олардың саны да қатаң түрде шек теу лі болды.
Көптеген зауыттар мен фабрикалар тоқтай бастады,
өйткені олардың өнімдері сатылмады. Көп адам жұмыссыз
қалды. Мемлекет кірісі құлдырады. Сондықтан еңбекақы мен
зейнетақы төлейтін ақша жетіспеді. Қарапайым адамдардың
тұрмысы нашарлай берді. Еңбекақы жұмыстың нәтижесіне
сай келмегендіктен, жұмыс істеу пайдасыз болды. Қылмыс
өсе бастады. Қайта құру саясатынан адамдар бірте-бірте
түңіле бастады. Үкіметке деген наразылық артты. Көптеген
108