Page 111 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 111

73-сурет. Желтоқсан кезі. 1986 жыл


        тоқсанның  17–18  күндері  бейбіт  шеруге  көшеге  шықты.
        Үкіметке қарсы ешқандай ұран болған жоқ.
            Шерушілер  тек  қазақтардың  мүддесін  сақтауды  талап
        етті.  Ел  тілегіне  құлақ  аспайтын  Мәскеу  билігінің  ондаған

        жылдар  бойы  республика  тағдырын  шешіп  келгені  оларды
        мезі қылған еді. Жастар алаңға «Қайта құру бар, демократия
        жоқ!»,  «Әрбір  халыққа –  өз  басшысы!»,  «Күштеу  тоқтатыл-
        сын!» деген плакаттарды көтеріп шықты.
            Алайда наразы топпен сөйлесуге биліктің шамасы жетпеді.

        Оларға әскер мен милицияны қарсы қойды. Әскер таяқтар
        мен сапер күрегін қолданып, өте қаталдық танытты. Әртүрлі
        мәлімет бойынша шерушілерді қуып тарату барысында 150-
        ден астам адам құрбан болды. Тұтқындау басталып, бірнеше
        мың  адам  ұсталды.  Жүздеген  студенттер  оқу  орнынан
        шығарылды. Шеруге қатысқаны үшін 99 адам сотталды.




                                                                                       111
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116