Page 107 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 107
ҚАЙТА ҚҰРУ БАРЫСЫНЫҢ
ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҒЫ
Осы тақырыптан сен:
КСРО-дағы қайта құру саясаты туралы;
кооперативтер туралы;
азық-түлік өнімдеріне карточкалық жүйені енгізу
туралы білетін боласың.
1980 жылдардың ортасында КСРО азаматтарының
өмірінің барлық салалары төмендей бастады. Ел басшылы-
ғы мұны түсінді. КСРО-ның жаңа басшысы Михаил
Горбачев 1985 жылы өзгеріс енгізу аса қажет екенін, жем-
қорлықпен күрес басталатынын мәлім етті. Экономикада
күрделі мәселелер туындағаны мойындалды. Өнеркәсіпке
жаңа технологиялар енгізуге ұмтылыс жасалды. Кейінірек
саяси және экономикалық жүйені де өзгерту керектігі
жайында мәселе көтерілді. Сөз еркіндігі жарияланды. Осы
өзгерістердің бәрі «қайта құру» деген атауға ие болды.
Михаил Горбачев жариялаған қайта құру Кенес одағында
түбегейлі өзгерістерді бастады. Мемлекеттік кәсіпорындарға
экономикалық жартылай еркіндік беретін Заң қабылдан-
ды. Жеке кәсіпорындар – кооперативтер құрыла бастады.
Шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар құруға да рұқсат
етілді.
Бірақ көп кәсіпорындар жаңа өзгерістерге бейімделе
алмады. Олар бұрын шикізат тарды, тапсырыстарды, қаржы-
ландыруды, тіпті мамандарды да мемлекеттен алатын.
Өзгерістер енгізілгеннен кейін басшылары осы мә селелермен
өздері айналысу керек болды.
КСРО-ның батыс республикаларының іскер адамдары
әсіресе, Литва, Эстония, Латвия мен Украин кәсіпкерлері
өндірісті жаңа түрде жүргізуді тез үйренді. Қазақ КСР
тұрғындары да біртіндеп жаңа кәсіптік қатынасты қабылдады.
107