Page 106 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 106

Төртіншіден,  КСРО-да  экономика  салалары  15  рес пуб-

             ликалар  арасында  бөлінген  болатын.  Бұл  экономиканың
             тиімділігін  арттыру  мақсатында  жасалған  еді.  Мысалы,
             Беларуссия басқа республикалардың барлығын трактор лар-
             мен қамтамасыз етті. Ресей – автокөліктер мен оның қосалқы

             бөлшектерін  жасады.  Қазақ  КСР  барлық  республикаларға
             ас тық, ет, сонымен қатар металдар, мұнай мен газ өнімдерін
             жеткізді.  Бір  жағынан  бұл  республикалар  арасындағы
             ынтымақтастықты дамыта түсті. Бірақ екінші жағынан, біздің
             республикамызда құралдар, автокөліктер, электротехникалық

             бұйымдар  шығаратын  кәсіпорындардың  жоқтығына  әкелді.
             Қажетті тауарлардың 60 пайызы республикамызға тыс жер-
             лерден әкелінді.
                 Осының  барлығы  халыққа  қажетті  тауарлардың  тап-

             шы лығына  әкелді.  Шетелден  көп  азық-түлік  тауарлары
             сатып  алынды.  Дегенмен,  халыққа  қажетті  тауарлар  үнемі
             жетіспейтін: сабын, ет, май, жұмыртқа, жихаздар.  Ең қажетті
             заттарды сатып алу үшін  адамдар ұзақ уақыт кезекке тұруға
             мәжбүр болды. Экономиканың дамуы  тоқырай бастады. Осы

             уақыт тоқырау кезеңі деп аталады.



                Тапшылық – тауардың жетіспеуі.




               ?         1.  Кеңес экономикасының дамуындағы артта қалудың себеп-

                           терін ата.
                        2.  Кеңес  Одағы  тарихында  1960  жылдардың  ортасынан
                           1980 жылдардың ортасына дейінгі кезең қалай аталады?
                        3.  Қазақ КСР-де қандай кәсіпорындар аз болған?
                       4.  Тоқырау деген не? Мәтіннен тауып оқы.











           106
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111