Page 110 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 110

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАЛАРЫ


                  Осы тақырыптан сен:

                   желтоқсан көтерілісінің себептері туралы;
                   желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы
                   білетін боласың.


                  1986 жылы желтоқсанда Қазақ КСР-ін 25 жыл толассыз
              басқарған Д. Қонаев өзінің барлық қызметінен алынды. Оның
              орнына    бұған  дейін  Ресейде  қызмет  атқарған  Геннадий
              Колбин тағайындалды.
                  Бұл тағайындауды көптеген біздің азаматтар қазақ халқын

              қорлау деп түсінді. Жаңа басшы республикамызда ешқашан
              жұмыс  істемеген.  Қазақ  тілін  білмейтін  адам  еді.  Колбинді
              қарапайым қазақстандықтар мүлдем танымайтын.
                  Республика  мүддесімен  санаспағандарға  өз  наразы лы-
              ғын  білдірмек  болып  Алматы  жастары  1986  жылы  жел-




































                         72-сурет. Алматыдағы желтоқсан шеруі. 1986 жыл


           110
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115