Page 114 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 114
ЖАҢАӨЗЕН МЕН ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ
ОҚИҒАЛАР
Осы тақырыптан сен:
Қарағанды шахтерлерінің ереуілі туралы;
Жаңаөзендегі мұнайшылардың толқуы туралы;
ереуілдердің себебі мен оның зардабы туралы білетін
боласың.
1989 жылы бүкіл КСРО бойынша наразылық толқыны
жүріп өтті. Оның негізгі себебі ірі кәсіпорындардың әлі де
Мәскеудегі орталыққа бағынуы еді. Бірақ бұрынғыдай орта-
лықтан қаржыландыру болған жоқ. Сонымен қатар еңбек-
ақы болса да көтерілмеді. Бірақ азық-түлік пен тауарлардың
бағасы қатты қым баттады.
1989 жылы маусым айында Қарағанды шахтёрлерінің
ереуілі басталды. Қала орталығындағы митинг үш күнге
созылды.
75-сурет. Шахтерлер ереуілі
114