Page 117 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 117

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ

                                    ҚОЗҒАЛЫСТАР


            Осы тақырыптан сен:

              Жариялылықтың мемлекет өміріне әсері;
              «Невада-Семей» қозғалысы туралы;
              Қазақстанда «Тілдер туралы» Заңның қабылданғаны
              туралы білетін боласың.

            КСРО басшылығы жария еткен жариялылық саясаты бү-
        кіл елде саяси белсенділікті арттырды. Қазақстанда қоғам дық
        қозғалыстар  және  ұйымдар  пайда  бола  бастады.  Адамдар

        өз  көзқарасын  ашық  білдіріп,  өз  құқықтары  үшін  күресуге
        ұмтылды.
            1989 жылы Қазақ КСР билігіне Нұрсұлтан Назарбаев келді.
        Оның келуімен жаңа қоғамдық қозғалыстар мен пар тиялар
        құрылып, түрлі саяси күштердің белсенділігі арта түсті.
            Ядролық  және  басқа  да  алапат  қаруларды  сынау  үшін
        Кеңес Одағы Қазақстанның аумағын пайдаланғандығы тура-

        лы  алдыңғы  тақырыптарда  айтылған  еді.  Қазақстандықтар
        бұған қарсы болды. 1989 жылы Невада-Семей антиядролық
        қозғалысы құрылды. Оған белгілі ақын және қоғам қайраткері
        Олжас  Сүлейменов  басшылық  етті.  Қозғалыстың  мақсаты
        атом қаруын сынауға тыйым салу еді.
            Қозғалыс  тек  Қазақстанда  ғана  емес,  бүкіл  әлемде  зор

        қолдау тапты. Сынақты тоқтатуды талап еткен бейбіт шерулер
        ұйымдастырылды. Мұндай шерулер КСРО-да, Еуропа елде-
        рінде  және  АҚШ-та  өтті.  1990  жылы  Семей  полигонында
        сынақ жасауға тыйым салынғаны осының нәтижесі. Полигон
        1993 жылы біржолата жабылды. Ядролық қаруды сынаудан
        1991 жылы – Англия, 1992 жылы – АҚШ, 1996 жылы – Қытай
        бас тартты.

            Басқа  да  қоғамдық  қозғалыстар  пайда  болды.  Белгілі
        ақын Мұхтар Шаханов Арал проблемасы бойынша Комитет



                                                                                      117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122