Page 120 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 120
малауды ұсынды. Жаңа одақтық келісімнің түрлі жобалары
жасалды. Алайда мәскеулік билік бұған қарсы тұрды,
өкілеттіліктен айрылғысы келмеді.
Бұл КСРО-ның шын мәнісінде құлауына әкелді. Одақтан
республикалардың бірінен кейін бірі шыға бастады. КСРО-
ның кейбір бөлігінде ұлтаралық қақтығыс басталды. Тіпті кей
жерде соғыс өрті тұтанды. Қазақстанда мұндай жағдайға жол
беруге болмайтын еді. Сондықтан Қазақстан басшылығы
қажетті реформаларды КСРО билігі қашан жүргізеді деп күтіп
отырмай, өз бетінше әрекет етті.
1990 жылы қазан айында Қазақстанның мемлекеттік еге-
мендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл Декларация
Қазақстанға өз еліндегі қажетті экономикалық және саяси
реформаларды өз бетінше жүргізуге ерік берді.
Невада – штат, онда АҚШ-тың ядролық полигоны тұрды
және атом қаруына сынақ жүргізілді.
? 1. Сөз еркіндігі деген не? Түсіндір.
2. «Невада-Семей» қозғалысының мақсатын атап айт.
3. Бұл қозғалыстың басшысы кім?
4. «Невада-Семей» қозғалысына қатысушылар қандай мақ-
сатқа жетті?
5. Жариялылық кезеңінде қандай қоғамдық қозғалыстар құ-
рылды?
Дәптерде орындауға арналған тапсырмалар
6. Кестені толтырыңдар.
Қоғамдық қозғалыс Қозғалыстың мақсаты Нәтижелері
120