Page 121 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 121
1980–1990 ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ
БІЛІМІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Осы тақырыптан сен:
білім беру мен мәдениет саласындағы өзгерістер
туралы білетін боласың.
Қайта құру кезіндегі сөз еркіндігі саясаты Қазақстан мәде-
ниетіне жаңа серпін әкелді. Көптеген архивтердің құпиясы
ашылды, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үрдісі бас-
талды. Олардың арасында кеңес кезінде заңсыз зар дап
шеккен қазақ мәдениетінің өкілдері де бар еді.
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев,
тағы басқа көптеген азаматтардың туындылары халыққа
қайтарылды. Олардың кітаптары шыға бастады, шығар ма-
шылығы мектептер мен уни вер си тет терде қайтадан оқы-
тылды.
1989 жылы қазақ тілінің мемле-
кеттік тіл деп жариялануы Қазақстан
мәдениетін дамытуда маңызды рөл
атқарды. Бұған дейін Қазақстандағы
мектептердің үштен бірі ғана оқы-
туды қазақ тілінде жүргізетін және
олар негізінен ауылдық мектептер
еді. Университеттерде оқыту тек
орыс тілінде болды. 1989 жылдан
бастап жағдай өзгерді. Универси-
теттерде қазақ бөлімдері ашыла
бастады. Оқулықтарды мемлекеттік
тілде шығару басталды. Оқу мекеме-
лерінің – гимназия, лицей, колледж 79-сурет. Ахмет
сияқты жаңа түрлері пайда болды. Байтұрсынов
121