Page 122 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 122
Тура сол кезде мемлекетте білім беру жүйесін қамтама-
сыз ететін ақша жетіспеді. Сондықтан ұстап тұруы қиынға
айналған ғимараттар жеке адамдарға сатыла бастады. Көп-
теген балабақшалар жабылды. Университеттер жатақха-
наларынан айырылды.
Қаржы тапшылығынан туындаған
қиындықтарға қарамастан, қазақ
әдебиеті дамыды. Осы жылдары
Герольд Бельгердің еңбегі кеңінен
танымал болды. Ол орыс, қазақ және
неміс тілдерінде жазды. Қазақ ақын-
дары мен жазушыларының шығар-
маларын аударды, қазақ тілін да-
мытудың ең бір белсенді жақтау-
шысына айналды.
Ақын Мұхтар Шахановтың шы-
ғармашылығы бүкіл Кеңестер Ода-
80-сурет. ғында құрметтелді. Өзінің әдеби ең-
Герольд Бельгер бегі үшін ол түріктілді елдердің ең
үздік ақыны деген атақ алды. Шерхан
Мұртазаның Сталин кезіндегі қазақтардың тағдыры туралы
пьесаларына ұнамды пікірлер айтылды. Әбіш Кекілбаев,
Мұхтар Мағауин, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов
сынды қазақстандық бел гілі ақын-жазушылар белсенді
жұмыс істеді.
Қазақстандық музыканттар да әлемге танымал болды.
1989 жылы дарынды скрипкашы Марат Бисенғалиев
алғаш рет Англияны айнала сапар шегіп, өнер көрсетті.
Ол Қазақстан музыканттары арасында ел іздейтін ең
қалаулылардың бірі болды. 35-тен астам елде концерт
берді. Белгілі әлемдік оркестрлермен бірге 14 альбом
жазды. Пианиношы Жәния Әубәкірова мен скрип кашы
122