Page 118 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 118

77-сурет. «Невада-Семей» қозғалысы

             құрды.  Бұл  комитет  еліміздің  түрлі  аймақтарының  эколо-
             гиялық проблемаларын шешуде үлкен жұмыс атқарды.
                 Қазақстанның  тәуелсіздігі  үшін  үн  қатқан  Азат  және
             Желтоқсан қозғалысына халық зор қолдау білдірді. КСРО-
             ны реформалауға үндеген Бірлік қозғалысы құрылды. 1989–
             1990 жылдар аралығында Қазақстанда барлығы 100-ге жуық
             түрлі қоғамдық ұйымдар пайда болды.

                 1989  жылы  қабылданған  «Тіл  туралы»  Заңның  Қазақ
             халқының  дамуындағы  маңыздылығы  өте  зор.  Қазақ  тілі
             мемлекеттік  тілі  деп  танылды.  Орыс  тіліне  ұлтаралық  қа-
             тынас  тілі  деген  мәртебе  бекітілді.  Қазақ  тілінің  біртіндеп
             қай та жаңғыру процесі осы сәттен басталды. Қазақ тілінде
               оқы татын  мектептер  ашыла  бастады.  Жоғары  оқу  орын-
             дарында екі тілде оқытылатын болды.
                 Сонымен қатар М. Горбачев бастаған КСРО басшылығы

             республикаларға  көбірек  өкілеттілік  беріп,  Одақты  рефор-


           118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123