Page 115 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 115
Шахтёрлер өздеріне жұмыс үшін жеткілікті ақша төлен-
бей тінін айтты. Қалаларды азық-түлікпен және басқа да
тауар лармен қамтамасыз ету нашар болатын. Наразылық
білдіруші шахтёрлар әртүрлі талаптар қойды. Өздерінің
еңбек жағдайын жақ сартуды талап етті. Талаптың тағы бірі
Семей ядролық полигонын жабу болды.
Митингіге жиналған шахтёрлердің алдына бас шылары
шықты. Олармен Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ сөйлесті. Шах-
терлер талабының көбі орынды екені мо йындалды. Бұ рын
кәсіпорын директорлары Мәскеу арқылы тағайындалатын.
Ереуілден кейін сайлау өткізіліп, жұмысшылар арасынан
жаңа директор сайланды. Ереуілшілердің көптеген талабы
орындалды.
Солай бола тұра ереуіл – мәселе шешу үшін өте бір жақ-
сы әдіс емес екенін көрсетті. Кәсіпорындар тоқтағанда шах-
талар шығынға ұшырады. Бұл шахтерлердің өзіне кері әсерін
тигізді. Қазылған көмірдің азаюынан ел экономикасы одан да
көп зардап шекті.
1989 жылы еліміздің батысында Жаңаөзен қаласында
да көтерілістер өтті. Жаңаөзенде мұнай тапқыш өндірістер
орналасқан. Бірақ жергілікті тұрғындарға жұмыс жетіспеді.
Жұмысшыларды басқа аумақтардан қабылдаған, көбісі
Кавказдан келген болатын. Жаңа тұрғын үйлер салынбаған.
Дүкендерде тауарлар өте аз және қымбат бағаға сатылды.
Кәсіпорынның мұнайдан тапқан пайдасы Мәскеуге өтіп,
аймақты дамытуға тіпті де көңіл бөлінбеді.
Толқу тұрмыстық жанжалдан басталды. Тәртіпсіздік бүкіл
қала бойынша өте тез өрістеді. Наразы топ келімсектердің
бәрін жергілікті жұмысшылармен ауыстыруды талап етті. Бір-
неше коммерциялық дүкендерді қиратты. Оларға қарсы
жауап ретінде қару қолданылды.
Қан төгілді. Бұл тәртіпсіздіктің себебін ұғуға тырысқан ел
басшылығының өкілдері келді.
115