Page 5 - 2.2.4
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz. КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларды математикаға оқытуда Типтік оқу жоспары мен
жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес құрылған.
ОӘК оқулықты, оқушыға арналған жұмыс дәптерді және
осы әдістемелік құралды қамтиды. Оқу-әдістемелік кешеннің
мазмұны келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге ба-
ғытталған:
1) оқушыда тұрмыстық жағдайларда өз бетінше әрекет-
тенуге, шаруашылық-еңбектік әрекетті және қолжетімді
мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін математикалық
білім, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру;
special-edu.kz. special-edu.kz.
2) танымдық әрекеттің кемшіліктерін өтеуге көмектесу,
оларда жағымды эмоциялық-ерік және жекетұлғалық қасиет-
терді қалыптастыру;
3) оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оны математикалық
терминдермен және айтылымдармен байыту, өзінің әрекетін
айтып отыруға, тапсырманы шешу және геометриялық құ-
растыруды орындауға үйрету;
4) оқушылардың көрнекілік-әрекеттік және көрнекілік-
бейнелік ойлауын, ойлау операцияларын (талдау, салыс-
тыру, қорытындылау, жіктеу) дамыту;
5) оқу сабақтарына, басқа оқушылармен және ересек-
термен өзара әрекеттенуге деген қызығушылықты дамыту.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың танымдық
қабілеттері және оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері жа-
ғынан бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады.
Сондықтан мұғалім сабақ барысында және сабақтан тыс
уақытта балалардың өмірлік тәжірибесін, білімді меңгерудің
3