Page 9 - 2.2.4
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           жағдайларда өзгертілген түрде пайдалана білуін білдіреді.
           Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін бала-
           ның әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау негізінде
           таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрде-
           лілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп, дәйектілік-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           пен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің барлық дең-
           гейінің әрбір оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін екенін
           түсінуге міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне сәйкес оқу ма-
           териалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі материалы-
           мен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
             Оқулық зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін білім
           көзі болып табылмайды. Сондықтан оқулықты білімді бекіту
           және икемділік пен дағдыларды жетілдіру кезеңдерінде ғана
           пайдалану керек.
             Жұмыс дәптері оқулықтың және оқушылардың әрбір са-
           бақта орындайтын заттық-практикалық әрекеттерінің маз-
           мұнын толықтырады. Жұмыс дәптерінде оқушының оқыға-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           нын ұмытпаудың алдын алатын, қажетті дағдыларды жетіл-
           діруге арналған көптеген жаттығу тапсырмалары бар. Жұмыс
           дәптері оқушының сабақтағы жеке өздік жұмысын ұйым-
           дастыруға мүмкіндік береді.
             Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар оқушыдан зейінді шоғыр-
           ландыруды, аналитикалық-синтетикалық әрекетті, салыс-
           тыруды, сәйкестендіруді, қарама-қайшылықты табуды, көру-
           қимыл үйлесімділігін, өзін-өзі бақылауды талап етеді.
             Оқушының барлық жұмысы тоқсан және оқу жылының со-
           ңында оқушының тақырыпты, тарауды оқуды аяқтауы бо-
           йынша  жекелендірілген  көмек  шараларын  және  жетістік
           деңгейін анықтау үшін талданады. Оқушы оқулықтағы және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жұмыс дәптеріндегі ұсынылған барлық тапсырмаларды орын-
           дауға міндетті емес. Мұғалім оқушыға қолжетімді тапсырма
           таңдайды. Тапсырманы оқушы үшін орындауға болмайды.
              Жұмыс дәптерінде әрбір оқушының оқу тапсырмаларын
           меңгеру деңгейін белгілеуге болатын жетістік картасы ұсы-


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14