Page 7 - 2.2.4
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           Мұндай жағдайда мұғалім әрекетті орындаудың көп сөзсіз,
           нақты қарапайым нұсқаулар ілесетін тәсілін пайдаланады.
             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушыларға
           білімді бекіту, дағдыларды жетілдіру кезеңінде ұсынылуға
           тиісті. Алдын ала заттық және сюжеттік суреттердің мағы-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           насын түсіндіруге арналған арнайы жұмысты жүргізу талап
           етіледі.
             Әдістемелі  құралда  зерде  бұзылыстары  бар  оқу-
           шыларды математикаға оқыту үдерісінің жобасы берілген,
           оның құрлымында: күнтізбелік жоспар, деңгейлік мақсатты
           тұжырымдау, оқу тақырыптарының технологиялық картасы,
           мақсатты тұжырымдауға сәйкес әр тақырып үшін бақылау
           тапсырмаларының үлгілері, әр оқушының материалды мең-
           геру деңгейін бекітуге арналған оқу жетістігі картасы беріл-
           ген.  Оқу  үдерісінің  жобасының  материалдары  мен  оқу-
           шылардың  мүмкіндіктерін  тірек  ете  отырып,  мұғалім  әр
           оқушыны оқытудың жеке тәсілін таңдай алады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.




















 special-edu.kz.                           special-edu.kz.










                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12