Page 12 - 2.2.4
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқушыларда 6-10-ға дейінгі сандардың әрқайсысы тура-
лы нақты сандық түсініктерді қалыптастыру маңызды бола-
ды. Сондықтан оқушылар сандармен жұмысты бұрынғыдай,
әрекетті орындау үлгісін ұсына отырып, мұғалім басқаратын
өздерінің заттық-практикалық әрекеттерінен бастайды.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқушылар зат топтарымен, сұйық және сусымалы заттармен
әртүрлі әрекеттерді орындауы тиіс. Оқушылар оқылып
жатқан сан туралы көру және сезу арқылы қажетті түсі-
ніктерді жинақтағаннан кейін, мұғалім оларды санға сәйкес
цифрмен, оның графикалық бейнесімен және жазу тәсілі-
мен таныстыра алады. Санның бейнесін бекіту кезе-
ңінде оқушыларға тапсырмаларды оқулықтан және жұмыс
дәптерінен ұсынуға болады. Оқулықта, жұмыс дәптерінде
бұрын оқылған сандарды қайталауға арналған тапсырма-
лармен бірге оқушылардың білімі мен дағдыларын бекітуге
арналған әрбір сан үшін тапсырмалар кешені берілген. Оқу-
шылар оқулықтағы барлық тапсырмаларды орындауға мін-
special-edu.kz. special-edu.kz.
детті емес. Мұғалім оқушыларға әрбір оқушының мүмкіндігі
мен қажеттілігне сәйкес келетін тапсырмаларды ұсынады.
Әрбір санның құрамын оқуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс.
Сонымен бірге сан артқан сайын оның құрамының нұс-
қалары да көбейе береді, сондықтан оны оқу үшін қажетті
уақыттың болуын талап етеді. Оқушылардың бірінші
бестік сандар құрамының барлық нұсқаларын жатқа білу-
леріне қол жеткізу керек, себебі бұл білім 10 көлеміндегі,
сондай-ақ 20, 100 көлеміндегі сандармен және көптаңбалы
сандармен санау дағдыларына негіз болады.
Сан құрамы мұқият қарастырылады. Жұмыс үш кезеңде
жүреді. Бірінші кезеңде оқушылар заттар тобын (оқылатын
special-edu.kz. special-edu.kz.
санға сәйкес) екі санға жіктеуді үйренеді. Екі санға жіктеудің
мүмкін болатын барлық нұсқалары орындалады. Әрбір
нұсқа айтыла отырып (мұғалім, мүмкіндігіне қарай бала)
орындалады, цифр мен таңбалардың көмегімен бейнеленеді.
Екі топ заттарының, сандарды құрайтын әртүрлі бейнелері
10