Page 15 - 2.2.4
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
делген тәсілді біртіндеп қалыптастырады. Бұл тәсілдер
оқулықта 6–10 сандарының әрқайсысының көлемінде қосу
мен азайтуды үйрету үшін дайындық тапсырмаларымен
бірге логикалық амал ендірілген. Егер оқушылар қосудың
немесе азайтудың бұрынғы өткен, қарапайым дағ-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дыларын меңгермеген болса, онда есептеудің жаңа тәсілін
оқытуға көшуге болмайды.
Қайталап санау тәсілі санауды орындаған кезде көрнекілік
құралдарды пайдалануды білдіреді. Оқушы санаған кезде
санау таяқшаларының көмегімен бірінші қосылғышты, содан
кейін екінші қосылғышты салады, содан кейін таяқшалардың
екі тобын біріктіреді де, оларды санау арқылы арифметикалық
амалдың нәтижесін анықтайды. Азайтуды орындағанда, оқу-
шы санау таяқшаларының көмегімен азайғышты салады,
содан кейін бастапқы жиыннан санау таяқшаларын алу
орындалады. Нәтижені қалған таяқшаларды санау арқылы
табады. Санау әрекетінің дағдылары сандарды 1-ден бастап
special-edu.kz. special-edu.kz.
ретімен атай білу осы ең қарапайым есептеу тәсілінің негізгі
дағдысы болып табылады. Егер оқушыда заттық санау дағ-
дысы қалыптаспаған болса, онда ол көрсетілген есептеу тә-
сілін меңгере алмайды.
Оқушылар 1-ден қосып санау мен 1-ден азайтып санау тәсіл-
дерін көрнекілік құралдарды жартылай пайдаланып немесе
оларсыз да орындайды. Бастапқыда көрнекіліктер пайдала-
нылады, бірақ біртіндеп олардан бас тарту қажет болады. Көр-
некі құралдар ретінде ұсақ заттар, санау таяқшалары, сыз-
ғыш пайдаланылады. Сонымен, қосуда екінші қосылғыш
көрнекі түрде көрсетіледі, содан кейін оқушы есінде ұстаған
бірінші қосылғышқа бір-бірлеп қосу жүзеге асырылады. Мы-
special-edu.kz. special-edu.kz.
салы, 4 + 2. Оқушыны: «Менде төрт бар, 1-ден санаймын –
4 болады, тағы да 1-ді қосамын – 5 болады, тағы 1-ді қо-
самын – 6 болады» деп ойлауға үйретеді.
Азайтуды орындағанда айырма көрсетіледі. Бұл жерде
1-ден санау емес, қосу үшін кез келген саннан тура ретпен,
13