Page 20 - 2.2.4
P. 20
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ринг – мақсатқа жетуді бағалау. Мониторинг кері байла-
нысты орнатуға, оның негізінде әрбір оқушының оқыту мақ-
саттарының жоғары жетістіктеріне жетуі үшін пән бойынша
оқу материалын түзетуге (оқыту қарқынын, әдіс-тәсілдерді
өзгерту) мүмкіндік береді. Әрбір тақырыпқа арналған мони-
special-edu.kz. special-edu.kz.
торингті (педагогикалық бақылау) жүзеге асыру үшін бақылау
тапсырмалары әзірленген. Олар оқу үдерісін жобалауда оқу
тақырыбының әрбір технологиялық картасынан кейін бе-
рілген.
Әрбір тақырыпқа арналған бақылау тапсырмалары күр-
деліліктің әртүрлі деңгейінің мақсаттарына сәйкес әзірленген.
Бақылау жұмысы ретінде тақырып аясындағы (неге оқыт-
қанымызды тексереміз) оқу материалын оқытуды жүзеге
асыруға көмектесетін оқу тапсырмалары пайдаланылады. Ба-
қылау (ағымды) оқу жоспары тақырыбымен жұмысты аяқ-
тағаннан кейін әдеттегі сабақ үстінде жүзеге асырылады, бұ-
ған сабақ уақытының бір бөлігі бөлінеді. Мұғалім бақылау
special-edu.kz. special-edu.kz.
тапсырмаларын орындау нәтижесінен басқа, оқушылардың
сабақ уақыты кезіндегі жұмысын күнделікті бақылау арқылы,
олардың оқу материалын меңгерулері туралы мәлімет
алады. Сабақ карточкасында бақыланатын фактілер туралы
белгілеуге болады.
Мұғалім оқушылардың күнтізбелік жоспар бойынша әрбір
тақырып аясындағы жетістіктерін жұмыс дәптерінде берілген
жетістіктер картасында тіркеп отыруы тиіс. Мұғалім тоқ-
сан, жартыжылдық, оқу жылының соңында зерде бұзы-
лыстары бар оқушыларды оқытуды даралауға негіз болатын
жетістіктер картасында толтырылған материалдардың
негізінде сипаттама бағалауды оңай құрай алады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бір сыныптағы зерде бұзылыстары бар оқушылардың
жетістіктері бірдей болмайды. Бірінші типологиялық топтың
(В. В. Воронкова бойынша) оқушылары күрделіліктің үш
деңгейінің де дағдыларын меңгергендіктерін көрсетулері
мүмкін. Екінші типологиялық топтың оқушылары 2-деңгейдің
18