Page 18 - 2.2.4
P. 18

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


               «Көрнекі геометрия элементтері» тарауындағы оқу мате-
           риалдары оқулық пен жұмыс дәптерінде біркелкі етіп бө-
           лінген. Бұл оқушылардың сабақтағы әрекетін түрлендіруге,
           практикалық жұмысты ұйымдастыруға, ойын және қызықты
           материалды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           осы оқу материалына үнемі қайтып келе беру оны ұмытпауға
           көмектеседі.
              Осы әдістемелік құралда екінші сыныптағы математика
           сабағының үлгілік күнтізбелік жоспары беріледі (1-қосымша).
           Әрбір тақырыпты оқуға бірнеше сағат бөлінеді. Бір тақы-
           рып бойынша өтетін сабақтар мұғалім шығаратын есептер-
           мен ерекшеленеді. Мұғалім сынып оқушыларының мүмкін-
           діктерін бағдарлай отырып, бағдарламада әрбір тақырыппен
           жұмысқа бөлінген сағат санын өзгертуге құқығы бар. Сағат
           санын өзгерту себебі күнтізбелік жоспардың «Ескерту» ба-
           ғанында көрсетіледі. Жаңа тақырыпқа көшу үшін 1 және 2 ти-
           пологиялық топтағы (В. В. Воронкова бойынша) оқушылардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           берілген материалдарды табысты меңгеруі нысана болады.
              Егер оқушылар бірінші сынып оқу материалын мерзімінен
           бұрын меңгерсе, онда мұғалім екінші сынып материалымен
           жұмысқа көше алады.
              Мұғалім 2-қосымшада оқушылардың жетістіктерін бағалау
           ендірілген, мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінің маз-
           мұны туралы біртұтас түсінік беретін 2-сыныпта математикаға
           оқыту үдерісінің жобасын табады.
              Жобаға  мақсатты  тұжырымдау,  оқу  тақырыптарының
           технологиялық  картасы,  әрбір  тақырыпқа  арналған
           бақылау  тапсырмаларының  үлгісі,  оқу  жетістіктерінің
           картасы,  типологиялық  төрт  топ  оқушыларына  қатысты
           сараланған тәсілді көрсететін сабақ құрылымының үлгісі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бар карточкалар енген.
              «Мақсатты  тұжырымдау»  кестесінде  оқушыларды  оқу
           бағдарламасының әрбір тарауына арналған оқытудан кү-
           тілетін нәтижесі арқылы қалыптастырылатын оқу мақсат-


           16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23