Page 13 - 2.2.4
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           (абака, «сандық үйлер», кестелер, домино және т.б.) пайда-
           ланылады. Мұғалім сабақта сан құрамын көрсетудің барынша
           көп  нұсқаларын  пайдаланса,  оқушыларда  сан  құрамы
           туралы нақты түсінік соғұрлым жылдамырақ қалыптасады.
           Жұмыстың бұл кезеңі оқушылардың ойлауының көрнекілік-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           әрекеттік деңгейіне сәйкес келеді, сондықтан айтарлықтай
           қиындықтар туындамайды.
             Сан құрамы бойынша жұмыстың екінші кезеңі оқушыларды
           ойлау  әрекетінің  көрнекілік-бейнелік  деңгейіне  көтереді.
           Олардан  сан  құрамының  бір  компоненті  көрнекі  түрде
           берілген кезде басқа компонентін еске түсіру талап етіледі.
           Мұғалім, мүмкіндігіне қарай оқушы сан құрамының әрбір
           нұсқасын  айтады  және  ол  цифрлар  мен  таңбалардың
           көмегімен  бейнеленеді.  Мұғалім  бұл  кезеңде  жарты-
           лай  көрнекілік  деп  аталатындармен  жұмыс  жүргізеді,
           сондықтан жұмыстағы жетістік бастапқы заттық әрекетте
           қалыптастырылған  көрнекі  бейнелердің  сапасымен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           анықталады. Егер оқушы тапсырмалардың басым көпшілігін
           орындауға қиналса және орындай алмаса, онда заттарды
           екі санға жіктеу кезеңіне қайтадан оралу керек болады.
             Жұмыстың үшінші кезеңі заттық жиынды тірек етпей жүзеге
           асырылады. Тек математикалық жазбалар пайдаланылады.
           Оқушылар заттар тобының бейнесін тірек ете отырып, сан
           құрамын еске түсіреді және цифрларды пайдалана отырып
           жазады. Олар «сандық үйлерді», кестелерді толтырады, тең-
           діктер және сан құрамының басқа да шартты жазбаларын
           құрастырады. Үшінші кезең – бұл сан құрамымен жұмыстың
           аяқталу  кезеңі.  Сыныптың  барлық  оқушылары  оған  бір
           мезгілде жетпейді. Кейбір оқушылар үшін бұл кезең мүлдем
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қолжетімді болмайды. Сондықтан оқулық тапсырмаларын
           олардың күрделілік деңгейін бағдарлай отырып саралау ұсы-
           нылады. Кейбір оқушыларға күрделіліктің үшінші деңгейін-
           дегі  тапсырмаларды  орындау  үшін  заттық  жиынды  пай-
           далануға рұқсат етуге болады.


                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18