Page 8 - 2.2.4
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                          ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
              Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
           жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған математика
           бойынша Типтік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
           жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды математикаға оқы-
           тудың арнайы әдістемесіне сәйкес оны оқушыларға ұсы-
           нудың қисынды тәртібінде орналасқан.
              Оқулықтың  мазмұны  мұғалімге  оқулықтың  тапсыр-
           маларының дәйектілігі мен білім беру бағыттылығы бойын-
           ша бағдарлауға көмектесетін кесте түрінде берілген. Әрбір
           тақырыпқа қатысты оқушының әрекетін сипаттау арқылы
           тұжырымдалған күтілетін нәтижелер анықталған. Сонымен
           бірге ортақ тақырыптар да көрсетілген.
              Оқулықта шамалық, сандық, кеңістіктік және т.б. қоршаған
           әлемнің  заттары  мен  нысандарының  сипаттамаларын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           зерделеуге арналған иллюстрациялық материалдар (заттық
           және  сюжеттік  суреттер,  геометриялық  фигуралардың
           кескінді бейнесі), сондай-ақ сандық материалдар, тапсыр-
           маны орындауға нұсқаулар, қысқа мәтінде жазылған ере-
           желер мен түсініктер берілген. Нұсқауларды, ережелердің
           мәтінін және түсініктердің анықтамасын мұғалім, сондай-ақ
           оқи білетін оқушылар дауыстап айта алады.
              Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
           деңгейі бойынша бірдей емес. Түстері әртүрлі кішкентай дөң-
           гелектер шартты белгі ретінде пайдаланылған. Жасыл дөң-
           гелек оқу материалын тану деңгейіне сәйкес келетін күрде-
           ліліктің бірінші (төменгі) деңгейін білдіреді.
              Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           деңгейін, яғни оқушының математикалық қатынасты түсінуін,
           заттық әрекетті математикалық жазбаға көшіретін, өз сөйлеу
           тілінде терминологияны пайдалана білуін білдіреді.
              Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшін-
           ші  деңгейін,  яғни  меңгерген  білімін  оқу  немесе  өмірлік

           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13