Page 6 - 2.2.4
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
жеке мүмкіндіктерін, дербестіктің қолжетімді деңгейін зерт-
тей отырып оларды бақылауға міндетті.
Білім беру үдерісін толыққанды ұйымдастыруда оқыту
құралдарының, оның ішінде, оқулық пен жұмыс дәптерінің
үлкен маңызы бар. Сонымен бірге мұғалімдерде зерде бұзы-
special-edu.kz. special-edu.kz.
лыстары бар бастауыш сынып оқушыларының танымдық
дамуының кемшіліктеріне байланысты оқулық пен жұмыс
дәптерінің ерекше рөлі мен оларды пайдаланудағы белгілі
бір шектеуліктердің болатынын түсінуге міндетті.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың матема-
тикалық түсініктерді қалыптастыру және заңдар мен ереже-
лерді меңгеру үшін қажетті жинақтау және дерексіздендіру
қабілеті төмен болады. Ойлау әрекеті деңгейінің төменділігі
практикалық әрекеттен ой әрекетіне көшуді қиындатады. Сон-
дықтан зерде бұзылыстары бар оқушыларда сан, са-
нау, арифметикалық амалдарды орындау және т.б. туралы
түсініктерді қалыптастыру үшін ой әрекетін қалыптастырудың
special-edu.kz. special-edu.kz.
барлық кезеңдерін жайып көрсетуді; әрекеттенуге деген уәж-
бен қамтамасыз ету; амалдарды орындау тәртібін анықтау; шы-
найы әрекетті орындау; болып жатқан шынайы әрекетті да-
уыстап айту; әрекеттерді «ішінен» айтып отыру; әрекетке сөй-
леу тілін ілестіруді біртіндеп азайту, ең соңында ой әреке-
тінің ықшамдалған түрін қалыптастыру қажет болады.
Бір кезеңнен басқа кезеңге көшу зерде бұзылыстары бар
оқушылардың сөйлеу тілінің өзгеше (сөздіктің кедей бо-
луы, сөздер мен айтылымдардың мағынасын түсінбеу) бо-
луына байланысты күрделенеді. Оқушының сөйлеу тілінің
реттеу атқарымының нашарлығына байланысты оған
өзінің әрекетін сөздік тапсырмаға сәйкес толық бағындыру
special-edu.kz. special-edu.kz.
қиын болады. Сондықтан зерде бұзылыстары бар
оқушыларды математикаға оқытудың бастапқы кезеңдерінде
көрнекі құралдарды пайдалану маңызды болады. Нақты зат-
тар мен арнайы дидактикалық материалдар мұғалім басқа-
ратын практикалық әрекеттерде тікелей пайдаланылады.
4