Page 11 - 2.2.4
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                    ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР 2-СЫНЫП
               ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ КЕЙБІР
                                  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
             2-сыныпта математиканы оқыту оқу бағдарламасының
           мазмұнына сәйкес оқушылар бірінші ондық сандарын, 10 са-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ны көлемінде қосу мен азайту амалдарын оқуды аяқтайды.
              Математика сабақтарындағы оқу әрекетін ұйымдастыруға
           1-сыныптағыдай, оқушылардың заттық әрекеті негіз болады,
           бұл дерексіз материалдарды оқушылардың зерделік мүм-
           кіндіктерімен  оқу  тәсілін  сәйкестендіруге  мүмкіндік
           береді.  Зерде  бұзылыстары  бар  оқушының  нақтылау
           мен жинақтауға қабілетсіздігі олардың басты ерекшелігі
           болып табылатынын есте сақтау керек. Сондықтан нақты
           математикалық түсініктер қоршаған болмыс заттарын пайда-
           ланып, балалардың өмірлік тәжірибесіне жақын, практи-
           калық  жағдайда  ендірілуге  және  бекітілуі  тиіс.  Оқушы-
           лардың заттық-практикалық әрекетін ұйымдастыру біршама
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           уақытты қажет етеді, сондықтан әрбір жаңа түсінікті меңгеру
           үшін бірнеше сабақ бөлінеді. Сабақ құрылымына, осы санат-
           тағы оқушыларға оқығанын тез ұмытып қалу тән болатын-
           дықтан, міндетті түрде бұрын оқылған материалды қайталау
           кезеңі ендіріледі. Екінші сыныпта оқыту бірінші бестік сан-
           дарын қайталаудан басталады.
             Бірінші бестік сандарын қайталау кезеңі аяқталғаннан
           кейін, мұғалім 6-10 сандары туралы түсінікті қалыптастыру
           жұмысына кіріседі. Заттық әрекетте оны құрудың екі тәсілі
           (+1, –1), сан қатарындағы орны, екі кіші саннан құралған
           сан құрамы қарастырылады. Балалардың сандарды 1-ден
           және кез келген саннан бастап тура және кері ретте атау
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           икемділігін, сондай-ақ сандарды көлеміне қарай салыстыру
           дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  3-сыныптағы  көбейту
           түсінігін ендіру үшін «алға озу» тәсілі болып табылатын –
           заттарды  тең  топтастырып,  екіден,  үштен  топтап  санау
           дағдысын қалыптастыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.

                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16