Page 16 - 2.2.4
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           ал азайту үшін кері ретпен санау негіз болып табылады. Егер
           мұғалім оқушыда сан қатарының кез келген санынан санау
           дағдысын қалыптастырмаса, онда оқушыларды есептеудің
           өнімді тәсіліне көшіре алмайды.
              Сан құрамы туралы білімге негізделген тәсіл ең тиімді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тәсіл болып табылады, алайда бұл бірінші бестік сандарының
           құрамы  туралы  жақсы  білімді,  ең  бастысы,  осы  білімді
           қолдана білуді талап ететіндіктен, бұл тәсілді сыныптағы
           барлық оқушылар меңгере алмайды. Зерде бұзылыстары
           бар оқушылар сан құрамын ұзақ уақыт меңгереді, тіпті оны
           меңгергенімен, өз білімін қолдануға қиналатыны белгілі.
           Бұл тәсілді пайдаланған кезде көрнекілік құралдар пайда-
           ланылмайды, оқушыларды ойлауға үйретеді. Мысалы, 4 + 2
           есебіндегі қосынды мәнін табуда былай деп ойлайды: «Төрт
           және екі – бұл алты саны. Сонымен, жауабы алты болады».
           6 – 2 азайтуды орындағанда былай деп ойлайды: «Алты –
           бұл екі және төрт. Егер алтыдан екіні алсам, төрт қалады».
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Сонымен, оқушыларда есептеу дағдыларын қалыптастыру
           үдерісі бірнеше кезеңдерден құралады. Оқушыларда негізгі
           білім мен икемділіктер қалыптасқанда ғана жаңа кезеңге
           көшу мүмкін болады. Сонымен бірге, бала өздігінен жетілген
           тәсілді пайдалана бастайды деп үміттенбеу керек. Жаңа
           есептеу тәсіліне өтуге мұғалім ғана бастамашылық етеді.
           Мұғалім  оқу  тапсырмаларын  орындаған  кезде  барлық
           балаларды жаңа тәсілге барлығына бірдей қарқында көшіру
           мүмкін еместігін түсіне отырып, есептеу дағдыларын әрбір
           балада мақсатты түрде жеке қалыптастыруы тиіс.
              Нумерация арифметикалық қосу және азайту амалдары
           «Шама»  тарауындағы  оқу  материалдарымен  тығыз
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           байланыста оқытылады. Екінші сынып бағдарламасында
           оқушыларды теңгенің құн өлшемімен және құны 1, 2, 5 және
           10 теңгелік монеталармен таныстыру жалғастырылады. Бұл
           оқу материалы сандардың нумерацияларын оқыту ретінде


           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21