Page 17 - 2.2.4
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ендіріледі, себебі олар оқулықтардағы жаттығуларда
қосу мен азайтуды оқыту кезінде берілген. Жаттығуларда
міндетті түрде шынайы монеталар немесе олардың үлгілері
пайдаланылуы тиіс. Сантиметрдің ұзындық шамасын
қайталау, жаңа өлшем – дециметрді ендіру жұмысы ұйым-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дастырылады. Алдымен дециметрдің ұзындығы туралы
нақты түсінік қалыптастырылады. Бұл үшін әртүрлі ны-
сандардың: қағаз жолағы, лента, бау, партаның, дәптердің
енін және т.б. өлшеу бойынша практикалық әрекет
ұйымдастырылады. Саниметр мен дециметрдің ұзындықтары
салыстырылады. Оқушылар үлгілермен өздік жұмыстарда
олардың бірлік арақатынасын анықтауға, олардың теңдігін:
1 дм = 10 см жазуға және есте сақтауы тиіс.
Мұғалім екінші сыныпта «есеп», «есептің шарты», «есеп-
тің сұрағы», «есепті шығару» түсініктерін ендіреді. Қосын-
ды мен айырманың мәндерін табуға арналған мәтіндік ариф-
метикалық есептермен жұмыс жүргізіледі. Оқулықтағы есеп-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тердің құрылымдық кешендері туралы түсініктерді қалып-
тастыруды жеңілдету үшін олардың атаулары пайдала-
нылады. Оқулықта арифметикалық мәтіндік есептерді енді-
румен қатар, мәтіндік есептермен жұмыс қолжетімді бол-
майтын оқушылар үшін көрнекіленген есептер мен суретті
есептер ұсынылған. Ашық нәтижелі есептермен бірге, жабық
нәтижелі есептер де пайдаланылады. Оқушылар заттық
әрекеттің немесе суреттің ізімен, есептің шешуі болып та-
былатын қосуға және азайтуға есеп құрастырылады.
Оқулықта санның өзгеруін көрсететін көптеген сурет
ұсынылады, оқушылар осылардың негізінде мысалды
жазуға және оны шығаруға тиісті. Оқушылардан суреттерде
special-edu.kz. special-edu.kz.
бейнеленгендер туралы, заттар мен нысандармен не болып
жатқаны туралы толық сөйлеу тілдік айтылымды талап
ету пайдалы болады. Оқулықта мәтіндік есептер берілген.
Бірінші сыныпта бұл мәтіндер «есеп» деп аталмайды.
15