Page 54 - 2.5.3
P. 54

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           кітаптар  –  …  (кітапхана),  ыдыс  –  …  (асхана),  дәрі  –
           (медициналық кабинет), сыртқы киім – (киім ілетін бөлме),
           пианино – (акт залы).

                «МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ» ТАҚЫРЫБЫ
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                                    «Дұрыс жаса»

              Дидактикалық  міндеті  –  адамның  жағымды  және
           жағымсыз әрекеттері туралы балада түсінік қалыптастыру.
              Ойынның барысы. Мұғалім В. Маяковскийдің «Жақсы
           деген немене, жаман деген немене?» өлеңін оқиды. Кейін
           өлең  сюжетіне  сай  келетін  тұрмыстық  жағдаяттардағы
           балалар  бейнеленген  суреттердің  сериясы  оқушыларға
           үлестіріледі. Онда балалардың жағымды және жағымсыз
           әрекеттері  бейнеленген.  Балалар  алған  карточкаларды
           мұқият қарап, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға берулері,
           жағымды  әрекеттер  бейнеленген  суреттерді  бір  жерге,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жағымсыз әрекеттер бейнеленген суреттерді екінші жерге
           қоюлары тиіс.


                        «МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ » ТАҚЫРЫБЫ
                                 «Қала және ауыл»

              Дидактикалық міндеті – балалардың қалалар мен ауыл-
           дарда тұратын адамдар, олардың қызмет түрлері туралы
           білімдерін бекіту. Олардың арасындағы айырмашылықты
           анықтауға үйрету. Логикалық тұрғыдан ойлау дағдысын
           қалыптастыру, қоршаған әлем туралы мәлім деректерді
           жинақтау. Адамдардың еңбектерін сыйлауды тәрбиелеу.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Ойынның барысы. Балалар екі топқа бөлінеді (әрқайсы-
           сында 3-4 адамнан болады). Бір топ қала суретін, екіншісі
           ауланың суретін құрастырады. Педагог қала мен ауылдың
           негізгі айырмашылықтарын (табиғи және әлеуметтік орта, кәсіп
           және т.б.) еске алуды ұсынады. Балалар қажетті карточка-


           52
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59