Page 57 - 2.5.3
P. 57

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    ҚОРЫТЫНДЫ

             Зерде бұзылыстары бар балаларды дамытудың ерекше-
           лігі – қоршаған орта туралы балалардың дұрыс түсініктерін
           дамыту үшін жүйелі мақсатты жұмыстың жүргізілуін қажет
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           етеді. Өйткені аталмыш түсінік баланы әлеуметтік әлемге
           енгізудің  негізі  болып  табылады  және  оның  қоршаған
           шынайылыққа қатысты танымдық қызметіне стимул береді.
             0-4-сыныптардағы жеңіл деңгейде зерде бұзылыстары
           бар оқушыларға арналған «Айналадағы әлем» пәнінің Типтік
           оқу бағдарламасында ұсынылған педагогикалық міндеттер
           сабақтағы балалардың әрекеттерін дұрыс таңдаған кезде
           сәтті жүзеге асады. Сабақта пайдаланылатын негізгі әдістер –
           зерттелетін құбылысты және затты тікелей бақылау (экскур-
           сияларда),  оқушылардың  пәндік-практикалық,  ойлау
           және  сөйлеу  қызметі,  сондай-ақ  олардың  ойын  қызметі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           (дидактикалық, сюжеттік-рөлдік, үстелдік ойындар, ереже-
           лер бойынша ойындар).
             Сабақтарда балалардың практикалық қызметін нақты
           ұйымдастыру қажет. Өйткені ұсынылатын тапсырмалардың
           мазмұнына алынатын білімнің мазмұны ғана емес, оқушы-
           лардың ойлау және назар аудару дағдыларының дамуы бай-
           ланысты. «Айналадағы әлем» пәні бойынша сабақты ұйым-
           дастырудың негізгі талабы – оқылған материалды үнемі
           қайталау және бекіту, өйткені зерде бұзылыстары бар ба-
           лаларға алынған білім мен дағдыны тез ұмыту тән. Әр са-
           бақта қайталауға арнайы уақыт бөлу қажет.
             Бақылау және практикалық қызмет барысында алынған
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           білім мен түсінікті сөйлеу барысында (сөйлесулерді, әңгіме
           айту  кезінде,  сипаттау  барысында)  қолданған  дұрыс.
           Дұрыс сөйлеуге және мәдени қарым-қатынас дағдыларын
           тәрбиелеуге ерекше мән беріледі.



                                                                          55
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62