Page 5 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
КІРІСПЕ
Ұлттық арнайы білім беру жүйесін жетілдіру жағдайында
оқытудың басты мақсаты — әртүрлі өмірлік жағдайларда
айналадағы адамдармен арақатынасты орнатуға қабілетті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
және тиімді әрекет етуге қабілетті әлеуметтік бейімделген
тұлғаны қалыптастыру. Бұл зерде бұзылыстары бар
баланың өздігінен, дербес әрекет етуі үшін, оның жеке
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін маңызды
құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастыратын әлеуметтік
бағытталған оқытуды қажет етеді.
Арнайы білім беру саласында құзыреттілік ыңғай білім
беру сапасын қамтамасыз ету мен оны дәстүрлі түрде
шешу мүмкін еместігінің арасындағы қарама-қайшылықтың
салдарынан туындаған проблеманы шешудің ықтимал жолы
ретінде қарастырылады.
Құзыреттілікті игеру зерде бұзылыстары бар оқушылар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үшін өмірде дербестікке қол жеткізу құралдарының бірі
ретінде қарастырылады және ересектердің көмегіне қатты
тәуелді болмауына себін тигізеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру
оның сапасын арттыруға, заманауи қоғамның талаптарына
сай жаңа білімді беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Дәстүрлі «білімдік» білім беру өзінің тиімділігі мен
мақсаттылығын жоғалтып жатыр. Бұл, ең алдымен, заманауи
ақпараттық қоғамның дамуына байланысты. Заманауи
ақпараттық қоғам білімнің жылдам жаңарып отыруымен,
кәсіби қызметтердің ақпараттандырылуымен, ендігәрі
бәрін «керек болады» деп есте сақтап, жадымызға салмақ
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3