Page 7 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 7
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
«АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ОҚУ ПӘНІНІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
«Айналадағы әлем» оқу пәні бағдарламасының негізгі
мақсаты — балаларға табиғат туралы қарапайым ұғымдар-
ды меңгерту, олардың жақын айналасындағы заттар мен
құбылыстар туралы түсініктерін жүйелеу, қоршаған болмыс
заттарымен және құбылыстарымен таныстыру негізінде
ауызша сөйлеу тілін дамыту. «Айналадағы әлем» — адам,
табиғат және қоғамның өзара әрекеттесуі және өзара бай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ланысы туралы білім жүйесін қалыптастыратын біріктірілген
пән. Пәнді оқыту нысандары — адам, табиғат, қоғам, отбасы,
мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық,
мемлекет, қоршаған табиғи орта.
Оқу жылында бірқатар міндеттер бірінен кейін бірі жүзеге
асырылады:
1) баланың сөйлеу қабілеті мен жалпы дамуына мүмкіндік
жасау;
2) айналадағы әлем туралы түсінікті кеңейту және ба-
йыту;
3) басқа оқу пәндерін оқу кезінде қажетті қарапайым тү-
сініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4) қарапайым қорытындыларды көру, салыстыру, жалпы-
лау, нақтылау, күрделі емес себеп-салдар байланыстарын
орнату қабілеттеріне үйрету;
5) оқушылардың сөздік қорын байыту;
6) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру;
7) балаларда өзінің және өзге ұлттардың мәдениеті мен
дәстүрлерін, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар-
ды құрметтеу сезімін тәрбиелеу;
8) оқушыларды табиғи, әлеуметтік және технологиялық
ортада өзін-өзі ұстау нормалары мен қауіпсіздік ережелерін
сақтауға әдеттендіру.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5