Page 8 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 8

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              «Айналадағы әлем» сабақтарын жоспарлау, оқушыларды
           ұйымдастыру түрін таңдау және бағдарламалық мазмұнды
           іріктеу келесі қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыры-
           лады:
              - зерде бұзылыстары бар оқушылардың тұлғалық  әлеуе-
           тінің оң қырларын дамытуды қамтамасыз ететін түзету-білім
           беру үдерісінің гуманистік бағыттылығы;
              - балалардың әлеуметтік өмірге қатысуы үшін қажетті
           мінез-құлық нормалары мен өмірлік дағдыларды меңгеруін
           қамтамасыз ететін, зерделік жетіспеушілігі бар балалардың
           «әлеуметтік өмірден тыс қалуын» еңсеруге немесе айтар-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           лықтай  азайтуға  ықпал  ететін  білім  берудің  әлеуметтік-
           бейімдеушілік бағыты;
              - зерде бұзылыстары бар оқушылардың танымдық іс-әре-
           кеттерін, яғни: ойлау үдерістерінің селқостығын, танымдық
           белсенділігінің төмендігін, ойлау қабілетінің жалпылау және
           дерексіздендіру  функцияларының  әлсіз  болуын,  сөйлеу
           функциясының кешеуілдеп дамуын ескере отырып оқыту
           және үйрету жұмыстарының арнайы әдіс-тәсілдерімен қам-
           тамасыз етілетін оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы;
              - оқушының әлеуметтік маңызды қызмет түрлеріне бел-
           сенді қатысуын қарастыратын іс-әрекет тәсілі;
              - ұжымдық оқу үдерісі жағдайында зерде бұзылыстары
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           бар оқушылардың оқу материалын меңгеру кезінде айқын
           көрінетін және алған білімдері, білігі және дағдыларының
           сапасына әсер ететінін, әртүрлі типологиялық ерекшелікте-
           рін есепке ала отырып, олармен сараланған және жекеше
           жұмыс істеу тәсілдері;
              -  педагогикалық  түзету  көмегінің  бірізділігі,  жүйелілігі
           және үздіксіз болуы, оқыту мазмұнын біріктіру деңгейіне
           дейін жеткізілген пәнішілік және пәнаралық байланыстарды
           жүзеге асыру;
              - бала тұлғасының құндылығын және біртумалығын, әрбір
           баланың эмоционалдық-құндылықтық қарым-қатынастар

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13