Page 13 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 13

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
             4-қосымшада бақылау қабілетінің қалыптасуын анықтау
           бойынша тексеру тапсырмалары берілген. Бақылау нәтиже-
           лері «Ауа райын бақылау күнделігіне» жазылады (5-қосым-
           ша) және олар табиғат туралы білімді, күрделі зерделеуді
           (тәжірибе, эксперимент) жүргізуге қажетті практикалық дағ-
           дыларды қалыптастырудың негізі болып табылады.
             Оқулықтың көрнекі материалы оқу тақырыбының маз-
           мұнын ашады, толықтырады, суреттер, кестелер, сызба-
           лар, үлгілер түрінде ұсынылған дербес ақпарат көзі болып
           табылады.  Оқушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауына
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           байланысты құралда көрнекі материалдың болуы ауызша
           сөйлеуге ұмтылуға табиғи жағдай жасайды.
             Оқушылардың алған білімін, біліктері мен дағдыларын
           кез келген оқу және өмірлік жағдайда пайдалану дайын-
           дығын қалыптастыруға арналған оқытудың әлеуметтік ба-
           ғыты «Достарыммен сөйлесемін» айдары арқылы жүзеге
           асырылады. Жұмыс дәптерінде ұсынылған тапсырмалар
           мен жаттығулардың түзету-дамыту бағыты бар және оқушы-
           лардың танымдық үдерістерінің дамуына ықпал етеді, олар
           оқушының аналитикалық-синтетикалық қызметі, салыстыру
           алу, салғастыру, қарама-қарсы қою, көру-моторлы және гра-
           фикалық-моторлы координациясы, өзін-өзі бақылау сияқты
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           оқушының белсенді әрекеттерін көздейді. Барлық тапсыр-
           малар білім мен дағдыларды рет-ретімен қалыптастыруда
           қарастырған бірізді кезеңдерге (деңгейлерге) бөлінген және
           шартты белгілермен белгіленген. Оқушы барлық тапсыр-
           маларды орындауға міндетті емес.  Мұғалім оқушылардың
           оқу-танымдық және практикалық іс-әрекетін басқара оты-
           рып, оқушыға күрделілік деңгейі қолжетімді тапсырмаларды
           береді, оқушының жоғары оқу деңгейіне қол жеткізу үшін
           қажетті көмек көрсетеді. Мұғалім оқушының тапсырманы
           нәтижелі орындауына жағдай жасайды және оны табысты
           болуға ынталандырады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18