Page 11 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
- жасыл түс (күрделілігі төмен деңгейдегі тапсырма) – оқы-
латын материалдың түйін сөздерін (позицияларын) білуді,
тануды, атауды көздейді;
- сары түс (күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырма) —
оқылатын материалдың негізгі мазмұнын, тірі және өлі
табиғат, қоғам нысандары (заттары) арасындағы өзара бай-
ланысты түсінуді, өз сөзінде түйін сөздер мен сөз тіркестерін
пайдалануды көздейді;
- қызыл түс (күрделілігі жоғары деңгейдегі тапсырма) —
оқылатын материалды талдауда, салыстыруда, қорытуда
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
белгілі бір дербестікті, меңгерілген білімді өзгертілген оқу
немесе өмірлік жағдайда қолдана білуді көздейді.
Күрделілігі әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар сөйлеу қа-
білеті мен танымдық үдерістерінің даму деңгейі әртүрлі
оқушылармен жеке сараланған жұмысты тиімді жүзеге асы-
руға мүмкіндік береді. Ал деңгейлік мақсатты тұжырымдау
(2-қосымша) мұғалімге оқушылардың тану үдерісін басқару
мен бақылауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, со-
нымен қатар әрбір оқушымен жеке жұмыс жасауға жағдай
жасалады. Болжалды оқу үдерісінің бекітілген мазмұны
технологиялық карталарда (3-қосымша) көрсетілген. Бұл
карталарда зерде бұзылыстары бар бастауыш сынып оқу-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шыларын оқыту үдерісінің (мазмұндық және әдістемелік)
ерекшеліктері ескерілген. Жаратылыстану-ғылыми білім мен
гуманитарлық білімнің бір-бірімен бірігуі балалардың қор-
шаған әлемді эмоциялық-бейнелі түрде де (сезім мүшелері
арқылы), рационалды-логикалық түрде де (ойлау қабілеті
арқылы) тану құралы болып табылады. Оқулық пен жұмыс
дәптеріне енгізілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы
шартты белгісі бар және олар оқу құралдарының беттерінде
бағдар қызметін атқарады:
- қызықты ақпаратты оқимын және білемін;
- ойлаймын, пайымдаймын, жауап беремін;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
9