Page 10 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 10

special.edu.kz.
 special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.              «АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ»


              ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
                                 КОМПОНЕНТТЕРІ

              Оқулық пен жұмыс дәптері арнайы жалпы білім беретін
           мектептің 3-сыныбында оқитын жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
           оқушыларға арналған «Айналадағы әлем» пәні бойынша
           оқытуды  ұйымдастырудың  негізі  болып  табылады.  Оқу
           құралының және жұмыс дәптерінің мазмұны Үлгілік оқу бағ-
           дарламасында қарастырылған тараулардан тұрады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              Бөлімдердің мазмұны зерде бұзылыстары бар оқушылар-
           дың әлеуметтенуі үшін келесі маңызды, негізгі тақырыптар
           аясында жүзеге асырылады: «Өзім туралы», «Менің мек-
           тебім», «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған
           әлем», «Саяхат», «Салт-дәстүр. Мерекелер», «Тағам және
           сусын», «Дені саудың — жаны сау».
              Оқу мәтіндерінің мазмұны оқушылардың қоршаған әлем
           нысандары мен құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,
           бекіту,  нақтылау,  қорытындылауды  білдіретін  «Айнала-
           дағы  әлем»  пәнін  оқытудың  шоғырландыру  қағидасына
           бағынған.
              Оқулық пен жұмыс дәптерінің құрылымы оқушылардың
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрлерінің алуандығын және
           сұрақтар мен тапсырмалардың сараланған жүйесін қамта-
           масыз етеді, ол мұғалімге оқушының білім алу мүмкіндік-
           тері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін және күрделілігі,
           көлемі,  қарқыны  бойынша  қолжетімді  тапсырмаларды,
           жұмыс әдістері мен тәсілдерін, білім алуға ынталандыру
           және оны бақылау түрлері мен тәсілдерін таңдауға көмек-
           теседі. Оқушылардың оқу материалын меңгеру кезеңіне
           (деңгейіне), оқу материалының күрделілік деңгейіне сәйкес
           сұрақтар және тапсырмалар түрлі түсті шартты белгілер-
           мен белгіленген:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15