Page 134 - 5.3.1
P. 134

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               Қолғанат                                          special-edu.kz.

                 Күн  суытты.  Үй  іші  салқындай  бастады.  Үйде  отын
             тауысылып қалыпты. Апасы мен әкесі жұмыста. Ал ата-
             сы  болса  ауырып  қалды.  Ерлан  қалың  киініп  сыртқа
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             шықты.  Қорадан  балтаны  алды.  Ағаш  жара  бастады.
             Атасы ұйықтап кеткен еді. Бір уақытта оянса, үйде Ер-
             лан  жоқ.  «Ерлан  ойнап  жүр-ау»,  –  деп  ойлады  атасы.
             Сырттан тарс-тұрс еткен дыбыс естілді. Терезеден қарап:
             «Жаным-ау, мына ағаш бұтап жатқан Ерлан ғой. Азама-
             тым менің»,– деді атасы. Ерлан жан-жағына мүлде қа-
             рамайды. Үстіндегі қалың киімдерін шешкен. Қолында
             балта. Ағаштарды асықпай ұсақтап бөліп жатыр.
                 – Ата, отын дайын, – деді Ерлан. Жарылған отынды
             үйге кіргізді.
                 Атасы пешке от жақты.Үй іші жылынды. Пеш үстіне
             қойылған сүт те пісті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Ата, сүт ішемін, – деді Ерлан. Бұл жолы ол сүтке
             нан турап ішті. Кешке әкесі мен апасы жұмыстан келді.
             Жылы үй олардың көңілін көтерді.
                 – Отынды Ерлан жарды. Қолғанат* болды деген осы, –
             деді атасы. Әкесі мен апасы қатты қуанды.
                                                                          (Н. Қадырбаев)

                     қолғанат – көмекші


                     1. Ерланның отын жаруына не себеп болды?
                     2. Ұйқыдан тұрған атасы сырттан кімді байқады?
                     3. Ерланға атасы неге риза болды? Әңгімеден тауып оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 4. Атасы әке-шешесіне Ерланды не деп мақтады?
                 5.  «Қолғанат»  сөзінде  неше  буын  бар?  Бірінші  буында  неше
                 дыбыс бар? Ата. Дыбыстарды қосып оқы: қол. Екінші буында
                 неше дыбыс бар? Дыбыстарды қосып оқы: ға. Үшінші буында
                 неше дыбыс бар? Дыбыстарды қосып оқы: нат. Енді буындарды
                 қосып оқы: қолғанат.

                        Оқы. Отын жарған Ерланға атасының айтқан сөзін айт.
                        Ерланның әкесі мен апасын қалай қуантқанын айтып бер.
                     1. Әңгімені іштей оқы. «Қолғанат» сөзінің мағынасын аш.
                 2. Әңгіме неге «Қолғанат» деп аталған? Әңгімеле.

             132
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139