Page 136 - 5.3.1
P. 136
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Асыл шөп special-edu.kz.
Зылиха мен Бәтима ауылға келді. Жаздай бақта жұ-
мыс жасады. Олар жеміс-жидек жинады. Бір күні қыздар
жинаған жемістерін қалаға апарып сатпақшы болды. Екі
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қыз жәшікке жемістер салды. Оны көтеріп, аялдамаға қа-
рай барды. Зылиха «шаршадым» деп айта беріпті. Бәти-
ма күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтты:
– Сен неге мәз болып қуанып келесің? Сенің жәшігің
жеңіл ма? Әлде менен күштісің ба?
– Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп
салдым, – деді Бәтима.
– Олай болса, шөбіңнің атын айтшы. Мен де ауырым-
ды жеңілдетейін, – деді Зылиқа.
– Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның
аты – «сабыр*» деген, – деді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Зылиха, сен сәл ауырды көтергенге шыдамай келе-
сің. Сабырсыздық таныттың. Әр адам әр істе де шыдамды
болуы тиіс. Осындай сабырлылыққа, шыдамдылыққа үй-
рен, – деп, Бәтима ақылын айтты.
сабыр – шыдамдылық (Ы. Алтынсарин)
1. Зылиха мен Бәтима ауылда не жұмыс істеді?
2. Жинаған жемістерімен не істемекші болды?
3. Олар аялдамаға жеткенше не деп сөйлесті?
4. Бәтима Зылихаға өзінің шаршамағанын қалай түсіндірді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. «Сабыр» сөзінде неше буын бар? Бірінші буында неше дыбыс
бар? Ата. Дыбыстарды қосып оқы: са. Екінші буында неше ды-
быс бар? Дыбыстарды қосып оқы: быр. Енді буындарды қосып
оқы: сабыр.
Тыңда. Оқы. Шыдамдылыққа шақырған шөптің атын айт.
Екі қыздың атқарған жұмыстары туралы айтып бер.
1. Әңгімені қызықтап оқы.
2. Зылиха мен Бәтиманың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
3. Сабыр шөбі туралы әңгімеле.
134
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.