Page 137 - 5.3.1
P. 137
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Кішкентай көмекшілер special-edu.kz.
Сәуле мен Зәуре апасының үйіне келді.
– Қыздар, Қантай әже ауырып қалыпты. Әжелеріңе
дәрі апарып беремін. Үй ішін өзім келген соң жинастыра-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мыз,– деп, апасы үйден шығып кетті.
– Кел, Зәуреш, үйдің ішін жинап қояйық. Апам қуа-
нып қалады, – деді Сәуле. Екі қыз үй жинауға кірісті.
Екеуі әуелі асүйден бастады. Ыдыстарды Сәуле жуып тұр-
ды. Ал Зәуреш болса сүлгімен сүртті. Асүй де жиналып
қалды. Одан соң екеуі шаңды сүртіп қойды, гүлдерге су
құйды. Бар жұмысты бітірген соң екеуі апаларын күтті.
Түс болды. Апасы үйге келді.
– Апа, дәрі табылды ма?
– Табылды ғой. Әжелерің қуанып қалды. Енді тез-ақ са-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
уығып* кетеді. – Апасы асүйге кірді. Ыдыстар жуылған.
Шай қайнап тұр.
– Ой, алтындарым менің! Кішкентай ғана көмек-
шілерім менің! – деп қыздарын құшақтады.
сауығу – аурудан жазылып кету (А. Хасенова)
1. Анасын қалай қуантпақшы болды? Әңгімеден тауып оқы.
2. Апасы қыздарға не үшін риза болды? Мәтіннен тауып оқы.
3. Сен үлкендерге қалай көмектесесің?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үйді жинаған екі қызға апасының айтқан сөзін айт.
Оқы. Қыздардың үйді қалай жинағаны туралы айтып бер.
1. Әңгімені мәнерлеп оқы.
2. Қыздар мен апасының сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
Үлкенді сыйласаң – сыйлы боласың!
135
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.