Page 141 - 5.3.1
P. 141
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қатқан нан special-edu.kz.
Сережа бесінші сыныпта оқиды. Мектепте оның доста-
ры көп. Ең жақын досы – Серік пен Берік. Сережаның
әкесі нан пісіреді. Түсте дүкендерге ыстық нан жібереді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді. Бүгін Сере-
жаның әкесі ауырып қалды. Жұмысына барған жоқ.
– Сережа, оқушылар бүгін ыстық нан жемейді... – деді
әкесі. Сережа әкесінің сөзін достарына қалай айтарын біл-
меді. Себебі оқушылар ыстық нанды асыға күтетін. Түскі
астың уақыты жақындап қалды. Балалар асханаға келді.
Үстел үстіне кешеден қалған қатқан нан қойылған.
– Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.
– Менің әкем ауырып қалды. Сондықтан бүгін қатқан
нан жейміз. Мүмкін, ертең де қатқан нан жерміз.
Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмей
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жеді. Сережаға: «Әкең тез жазылсын! Енді ауырмасын!
Тезірек сауықсын! Біз ыстық нанды асыға күтеміз, – деп
тілектерін айтты.
Сережа мектептен үйге асығып келеді. Оның бар ойы
әкесіне балалардың айтқан тілектерін жеткізу болды. Ай-
тылған тілектерден оның әкесі бірден жазылып кететін-
дей әсер етті.
(В. Сухомлинский)
1. Сережаның әкесі кім болып жұмыс істейді?
2. Ауырып қалған әкесі Сережаға не деді?
3. Асханаға келген балалар нені байқады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Балалардың сұрағына Сережа не деп жауап берді?
5. Балалар нанның қадірін қалай білді?
Оқушылардың Сережаға айтқан тілегін айтып бер.
Сережаның әкесі не үшін жұмысқа шықпады? Айт. Ол
қандай жұмыс істеді? Әңгімелеп бер.
Әңгімені түсініп оқы. Асханада оқушылардың не себепті
қатқан нан жегендерін айтып бер.
139
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.