Page 143 - 5.3.1
P. 143

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                          Жалқау                                                 special-edu.kz.





 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.










            Жалқау  күндегідей  бүгін  де  сабағын  оқуға  отырды.
        Сөмкесін ашты. Күнделігіне қарады. Содан кейін: «Ал-
        дымен оңайынан бастайын», – деп, ән сабағынан берілген
        тапсырманы қарады. Бір шумақ өлең жаттау керек екен.
        Ол:  «Қой,  бір  шумақ  өлеңді  кейін  жаттап  аламын»,  –
        деді. Енді қазақ тілін қолға алды. Үйге берілген тапсырма-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        да: «Жаттығуды көшіріп жазыңдар» делінген. «Көшіру»
        деген сөз болып па? Таза ауа жұтып келейін, – деп, енді
        сыртқа шықты.
            Аулада  Ералы  мен  Айбек  ойнап  жүрді.  Жалқау  со-
        ларға  қарай  жүгіре  жөнелді.  Ол  балалармен  доп  ойна-
        ды, қуаласпақ ойнады. Ойынның қызығына* әбден түсті.
        Үйге кеш келді. Сабақ оқуға шамасы болмады. Ұйқысы
        да  келді.  Ойнаймын  деп  шаршады.  Сабақ  оқуды  мүлде
        ұмытып кетті.
                                                                         (Д. Қасенов)

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                ойынның қызығына түсу – жақсы ойнау



                1. Жалқау күнделікті сабағын орындауды неден бастады?
                2. Жалқау үй тапсырмасын аяғына дейін орындай алды ма?
            3. Сен үй тапсырмасын қалай орындайсың?

                   Сурет арқылы жалқаудың далада не істегенін айт.
                   Баланы неге «жалқау» деген? Айтып бер.
                1. Әңгімені мәнерлеп оқы.
            2. Әңгіменің неге «Жалқау» деп аталғанын айтып бер.
                                                                                   141
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148