Page 148 - 5.3.1
P. 148

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                                  Асар                                           special-edu.kz.

                 – Бағана Бекен келіп кетті, – деді кешкі ас үстінде атасы.
                 – Жайша жүр ме екен? – деп сұрады әкесі. – Ертең
             асар* жасамақ екен. Соны айтқалы келіпті, – деді атасы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Иә. Барып көмектесіп жіберейік.
                 – Жақсы. Сіз үйде қаласыз ба?
                 – Жоға, мен де барамын. Туыспыз ғой, ұят қой...
                 Нартай Бекен ағасының үй салмақ болып жатқанын
             біледі. «Асар» деген сөзді түсінбеді.
                 – Ата, «асар» деген не? – деп атасынан сұрады.
                 – Ертең Бекен ағаңның үйіне барасың... сонда көресің.
             Бүгін біліп алсаң, ертең қызық болмай қалады.
                 Ертеңінде  барды.  Бекен  ағасының  үйіне  біраз  адам
             жиылып қалыпты. Бәрі жұмыс кимін киген. Құрал-сайман-
             дары қолдарында. Барлығы жұмыс істеуге дайын. Нартай-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             дың атасы бата берген соң қызу еңбек басталып кетті. Біреу-
             лері кірпіш тасып жатыр. Екіншісі лай дайындауға кіріскен.
             Ешкім бос отырған жоқ. Басқалары жер қазып жатыр. Тіпті
             қартайған атасы да көмектесуде. Нартаймен жасты балалар
             су тасып жүр. Оны көрген Нартай да су тасуға кірісті. Бір
             кезде атасы Нартайды жанына шақырып алды.
                 –  Асардың  не  екенің  енді  түсіндің  бе?  «Асар»  деген
             бір-біріне  көмектесу.  Бірігіп  істеген  жұмыс.  Қолыңнан
             келгенше  адамдарға  көмектес.  Еңбектен  қашпа.  Сонда
             сыйлы боласың, – деді атасы.
                                                                            (С. Нұғыман)
                 асар – көмекке шақыру
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                     1. Бекен не үшін келді? Атасы үйдегілерді неге шақырды?
                     2. «Асар» деген сөзінің мағынасын Нартай қалай түсінді?
                     3. Нартайға атасы қандай ақыл айтты?

                        Тыңда. Атасының Нартайға айтқан ақылын оқып, айт.
                        1. «Асар» деген сөздің мағынасын сөздікке сүйеніп түсіндір.
                 2. Бекеннің үйінде «Асардың» қалай өткенін айтып бер.
                     1. Нартай мен атасының сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
                 2. Өз сөзіңмен әңгімеле.


             146
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153