Page 147 - 5.3.1
P. 147
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Манат шошып оянды. Сыртқа шықты.
– Манат, саған не болды? – деп сұрады Серік.
– Тереземді күнде біреу тақылдатады. Қарасам, ешкім
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
болмайды. Қорқамын, – деді Манат.
– Ерте тұрсаң да қаға ма?
– Жоқ, ерте тұрсам ешкім қақпайды.
– Сен күнде-күнде ерте тұр. Сонда оның кім екенін
көресің. Ерте тұруға да үйреніп аласың.
Манат ертесіне ерте тұрды. Бұл күні терезені ешкім
тақылдатпады. Манат ерте тұруға әбден үйреніп алды. Бір
күні ұйқысынан оянды. Бөлменің жарығын жақпастан
сыртқа шықты. Шықты да, тұра қалды. Өйткені тарсыл-
даған терезенің даусын естіді. Терезеге қарай жүрді. Еш-
кім жоқ. Тек шатырдың үстінен созылған жіпті көрді.
– Иә. Саған көп рақмет. special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Басындағы картобы терезені тықылдатады. Манат бәрін
түсінді. Жүгіріп Серіктің үйіне барды. Серіктің қолын-
дағы жібі түсіп кетті.
– Е,-е, сен екенсің ғой,– деді Манат.
– Дегенмен ерте тұруға үйреттім-ау сені, – деді Серік.
(Ә. Жүсіп)
1. Манат неге сабаққа көңілсіз келді?
2. Манаттың күнде ерте тұрып үйренуіне не әсер етті?
3. Манат Серікке не үшін риза болды?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тыңда. Оқы. Манатқа ерте тұруды кім үйретті? Айт.
Манаттың көп ұйқтауды қалай қойғаны туралы айтып бер.
1. Манат пен Серіктің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
2. Әңгімені жоспар бойынша әңгімеле.
Жоспар: 1. Манаттың кемшілігі.
2. Манаттың көп ұйықтамауға үйренуі.
3. Серік пен Манаттың достығы.
145
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.