Page 142 - 5.3.1
P. 142
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Дәмді сорпа special-edu.kz.
Жағыпар мен Жапар көлге барды. Олар балық аулаған-
ды ұнататын. Бүгін де бар ойлары балық аулау болды. Қар-
мақ салып, бірнеше шабақ* ұстап алды. Жапар балықтарды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жақсылап тазалады. Оларды суға тазалап жуды. Жағыпар
құрғақ ағаштар жинап әкелді. От жағатын жерді әзірледі.
Екі бала қазанға балықтарын салып, су құйды. Астына от
жақты. Қараса, сорпаға қосатын не тұз, не пияз, не бұрыш
жоқ. Сонда да сорпаны пісірді. Міне, сорпа да дайын бол-
ды. Оны сүйсініп іше бастады. Біріне-бірі:
– Сорпа дәмді болыпты, – деп қояды. Бір уақытта
қастарына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол:
– Сорпа дәмді болсын,– деді.
– Өзі де дәмді, – деді Жағыпар.
– Аттан түсіп, дәм тат, – деді Жапар. Жарылғап атын
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
байлап қойды. Отырып сорпа ішті. Сорпа тұзсыз болса
да, дәмі ерекше екен. Жағыпар:
– Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен. Термен
келген ас* дәмді, сіңімді болады. Тіпті тұзсыз болса да
дәмі аузымнан кетпей тұр, – деді күліп. Жағыпар мен
Жапар біріне-бірі жымия қарасты*.
(М. Төрежанов)
шабақ – балық
термен келген ас – өз еңбегімен
жымия қарау – күле қарау
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Көлге келген Жапар мен Жағыпар не дайындады?
2. Тұзсыз піскен сорпа оларға неліктен дәмді болып көрінді?
3. Қой бағып жүрген Жарылғап олардың сорпаларын не деп
мақтады?
Балалардың пісірген сорпасы туралы айт.
Балалардың көлдің жағасында не істеп жатқанын айтып
бер.
1. Әңгімені мәнерлеп оқы.
2. «Термен келген ас дәмді, сіңімді болады» деген сөздің мағы-
насын түсіндір. Әңгімеле.
140
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.