Page 139 - 5.3.1
P. 139
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Тілазар* special-edu.kz.
Санат пен Самат теледидар көріп отырған еді.
– Санатжан, қайшымды әкеп берші, – деді әжесі.
– Ой, қойшы, әже. Мен кино көріп отырмын, – деді
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Санат. Інісі Самат орнынан тұрды. Қайшыны әжесіне
апарып берді.
– Осы Саматым болмаса... – деп әжесі риза болды.
Кино аяқталды. Түскі тамақты әзірлеп жатқан анасы:
– Санат, сүтке барып келе қойшы, – деп еді.
– Ой, апа, өзің баршы. Мен сабаққа дайындаламын, –
деп бөлмеге кетті. Ертесіне Самат балабақшаға, ағасы
мектебіне асығып жатты.
– Самат, үстел үстіндегі күнделігімді әперші,– деді Санат.
– Жоқ, әпермеймін, – деді інісі. – Сен де әжем мен апам-
ның айтқанын орындамадың ғой. – Санат інісіне ештеңе
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
айта алмай ұялып қалды. Осы сөзді естіп отырған әжесі:
– Балаларым, үлкеннің айтқанын орындау керек.
Сендер адамдарды қалай сыйласаңдар, сендерді де солай
сыйлайды. Санат, сенің бүгінгі істегенің дұрыс болмады.
Енді ондай қайталанбайтын болсын, – деді әжесі.
– Әже, апа, Самат, кешіріңдерші. Мен енді олай істе-
меймін, – деді Санат. Ол өз кінәсін мойындады.
(С. Аймаханқызы)
тілазар – айтқан тілді алмайтын бала
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Санат пен Самат не істеп отырды?
2. Әжесі Санатты неге жұмсады? Әңгімеден тауып оқы.
3. Санат әжесінің айтқанын орындады ма? Самат ше?
4. Апасының сөзіне Санат қалай жауап берді?
5. Самат ағасы Санатты қалай ұялтты?
Тыңда. Оқы.
Оқы. Саматтың өз кінәсін мойындағаны туралы айтып бер.
Әжесі мен Самат, Санаттың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
137
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.