Page 11 - 5.5.3
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
5-СЫНЫПТАҒЫ ЖЕҢІЛ АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАРМЕН
«АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ПӘНІ БОЙЫНША
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ ӘРЕКЕТІН ЖОСПАРЛАУ
«Айналадағы әлем» пәні бойынша сабақ 5-сыныпта оқу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жылында 102 сағат өтеді. Күнтізбелік жоспарлау барысында
мұғалім сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктерін
ескере отырып, тақырыптарды өзбетімен таңдап, оларды
оқытудың уақытын өзі анықтайды.
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сай жеңіл
деңгейде ақыл-ойы кем балаларға арналған «Айналадағы
әлем» пәнінің мазмұны негізгі төрт тақырыпқа топталған:
Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері. Табиғат.
Менің Отаным – Қазақстан. Сөйлеу дағдыларын қалыптас-
тыру.
Тараулар тараушалардан тұрады, онда күтілетін нәтиже
ретінде оқу мақсаттары берілген. Сонымен, «Табиғаттағы
special-edu.kz. special-edu.kz.
мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері» тарауы келесі тарау-
шаларды қамтыған:
1. Күздік жемістер – денсаулық кепілі. Күзгі өзгерістер
туралы түсініктерді жинақтау.
2. Қыстағы табиғат өзгерістерінің адам еңбегіне әсері.
3. Көктемнің әр кезеңіндегі табиғаттың өзгерістері.
4. Табиғаттың жаздағы өзгерістері туралы мәліметтерді
жинақтау.
«Табиғат» тарауында келесі тараушалар берілген:
1. Тірі табиғаттағы үдерістер.
2. Өлі табиғаттағы үдерістер.
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Менің Отаным – Қазақстан» тарауының тараушалары:
1. Қазақстанның өнеркәсібі.
2. Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
9