Page 7 - 5.5.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             БАЛАЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМНІҢ ЗАТТАРЫМЕН
            ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ БОЙЫНША
                            ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ӘРЕКЕТІ

             Оқытудың түзету-дамыту ыңғайы даму жетіспеушілігінің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ерекшеліктеріне сай ағзаның сақталған функциялары мен
           жүйелерін қолдануға негіздеп білім беру үдерісін құрады.
             «Айналадағы әлем» оқу пәні балалардың ойлау және сөй-
           леу дағдыларының, біліктерінің негіздерін қалыптастыруға
           бағытталған:
             1) тірі және өлі табиғаттың құбылыстарын бақылау және
                зерттеу;
             2) бақылау және тәжірибе барысында алынған деректерді
                сөздік формада сипаттау;
             3) себеп-салдарлық байланыстарды қалыптастыру;
             4) өсімдіктердің, жануарлардың (жәндіктердің, құстардың),
                адамның өміріндегі өзгерістерді бақылау үдерісі бары-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                сында алынған білімді жинақтау;
             5) бақылау және зерттеу нәтижелерін әңгіме формасында
                беру.
             «Айналадағы әлем» пәні бойынша оқу үдерісін ұйымдас-
           тырудың  педагогикалық  ыңғайлары  арнайы  педагогика
           ұстанымдарына негізделген, оның жүзеге асырылуы жеңіл
           деңгейде ақыл-ойы кем оқушылардың ерекше білім алу
           қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Аталған курс-
           тың түзету бағытындағы міндеті – қоршаған ортаның заттары-
           мен және құбылыстарымен таныстыру негізінде танымдық
           қызметті, ауызша сөйлеу дағдысын дамыту. Коммуникация
           құралы ретінде сөйлеуді оқыту ересектермен, сыныптаста-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           рымен қатынас орната білу білігін қалыптастыру арқылы
           жүзеге асырылады. Сөйлеудің лексикалық, синтаксистік жа-
           ғы, байланысқан ауызекі сөйлеу тілі дамиды.
             Түзету-дамыту міндеті оқыту барысында арнайы әдістерді
           және тәсілдерді пайдалану арқылы орындалады:


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12