Page 8 - 5.5.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1) оқыту үдерісін баяулату;
2) оқылған материалды бірнеше рет қайталап, оны әртүр-
лі жағдайларда жаңғырту үшін жағдай жасау;
3) балалардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшелік-
терін ескере отырып тапсырмаларды жіктеу;
special-edu.kz. special-edu.kz.
4) өз пікірін білдіріп, аргументтеу дағдысын дамыту үшін
мотивация беруші жағдайлар құру;
5) оқушыларға қолжетімді зерттеу жұмыстарын жүргізуге
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру.
«Айналадағы әлем» оқу пәнін оқытудың негізіне айналған
негізгі ұстанымдар төменде көрсетілген:
1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту
мен тәрбиелеу барысында қолданылатын, психологиядағы
«жетекші қызмет» ұғымына негізделген әрекеттік тәсіл
қағидасы. Экскурсияларда зерттелетін құбылыстар мен зат-
тарды тікелей бақылау қабілеті, оқушылардың тәжірибелік
және пәндік-практикалық қызметі, ақыл-ой және сөйлеу,
special-edu.kz. special-edu.kz.
сонымен қатар, ойнау қызметі (дидактикалық, сюжеттік-рөл-
дік, үстел ойындары, ережелер бойынша ойындар және т.б.)
жетекшілік қызмет атқарады. Қызметтік ыңғай ұстанымы
сабақ мазмұнына қоршаған ортаның нысандары мен құбы-
лыстары туралы ақыл-ойы кем балалардың түсініктерін көр-
сетуге, бекітуге, нақтылауға мүмкіндік беретін өнімді қызмет-
тің түрлерін міндетті түрде қосуды қажет етеді.
2. Жіктелген және жекешеленген тәсілдер қағидасы.
Ұжымдық оқу үдерісі жағдайындағы жіктелген ыңғай
зердесі бір бағытта бұзылған балалардың вариативтік
типологиялық ерекшеліктерінің бар болуымен байланысты.
Балаларды топтарға бөлу шартты түрде және ауыспалы
special-edu.kz. special-edu.kz.
сипатта жүзеге асады. Жеке ыңғай жіктелген ыңғайдың
нақтыланған түрі болып табылады.
3. Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілік
қағидасы. Арнайы маман балалардың дамуларының жалпы
заңдылықтарын және сыныптағы әр оқушының танымдық
6